ҚР ҰЭМ СК Алматы қаласының Статистика департаменті Еңбек статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік) (негізгі қызметкердің 2023 жылдың 03 қаңтарына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Конкурс ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына бекітілген, ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру сайттарда соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сонымен қатар сарапшылар шақырылуы мүмкін.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Әрбір кандидатпен әңгімелесу, эссе жазу, сондай-ақ іріктеудің басқа құралдарын өткізу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.
Егер "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасқан жағдайда ескертеміз: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексінің 51-бабының 4-тармағына сәйкес «уақытша болмаған жұмыскердi алмастыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң өткен күнi жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскердiң жұмысқа шығатын күнi не жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылған күн болып табылады», сонымен қатар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағына «еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылады».
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________________________
e-maіl: _________________________________________________________________________
ЖСН: _________________________________________________________________________
_________ _____________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
|
|
"___"_______________ 20 __ ж. |
|
|
Нысан
|
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________ |
||||
|
_______________________________________ |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / |
||
|
|
қабылданған / |
босатылған / |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.
Функционалды міндеттер
«Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17, 18 тармақшаларын басшылыққа ала отырып, 1-Е «Еңбек бойынша есеп» (тоқсандық, жылдық); 1-Е «Еңбек жағдайы» (Зиянды жане басқа да қолайсыз еңбек жағдайларынада жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есебі) (жылдық); 2-Е (Кәсіп) «Қызметкерлердің жекелеген лауазымдары мен кәсіптері бойынша жалақы мөлшері туралы есеп (жылдық); Т-001 «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы» (айлық); Т-004 (Лайықты еңбек) (жылына үш рет); 1-Т (бос жұмыс орны) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» (жылына бір рет), 2-Т (еңбекақы) «Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп» (жылына бір рет) нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерді бақылауды және оларға өзгертулерді енгізуді жүзеге асыруға; статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізуге; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауды жүзеге асыру; алғашқы статистикалық ақпараттың толықтығын, уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыруға; байқаулар бойынша басқарма құзыретіне кіретін алғашқы статистикалық деректерді түзету; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; жинақтардың, бюллетендердің, жедел мәліметтердің баспасөз хабарламаларының, баяндама бөлімдерінің, жылнама тарауларының шығарылуын қамтамасыз етуге; респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуге; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға; іс жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; қызмет құжаттарының сақталушылығын қамтамасыз етуге.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 09.06.2020
- Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125
-
8 (727) 375-21-88