Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің Өнеркәсіп, қоршаған орта және ауыл шаруашылығы статистикасы бөлімінің жетекші маманы (С-О-6 санаты) , 1 бірлік ( индексі №06-5).

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

153 751

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Экономика саласында, құқық, техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе ауыл шаруашылық ғылымдары, жерге орналастыру, өнеркәсіпті жоспарлау бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары немесе ортадан кейінгі білім.

    Функционалды міндеттер

    Статистикалық жинақтар, талдамалы жазбалар, баяндамалар, жинақтарды дайындау, біржолғы зерттеулер мен статистикалық бақылауларды жүргізу; Статистикалық жұмыстар жоспарының сапалы, уақытылы, дұрыс  орындалуына бақылау жасау. Ұйымдар мен кәсіпорындарда алғашқы есеп пен есептіліктің дұрыстығын тексеру, есептік деректердің дұрыстығына тексеруді ұйымдастыру және жүргізу. Тексеруді қорытындылау; Өңірлік статистика бөлімдерімен нұсқаулар мен семинар-кеңестер өткізу; Мәліметтердің сақталу және архивталу жүйесінің қызметін, статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; Е-статистика жұмысын алып жүру; заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу. Функционалдық блогы «С» блогы.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 26.09.2022

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    27.09.2022 – 05.10.2022
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Талдықорған қаласы, Абай көшесі 241

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 (728) 224-02-27