Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Баға статистикасы басқармасының бас маманы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

180 517

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: С

Лауазым деңгейі: 3

            Нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындауға; Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды жүргізу; «Мемлекеттік статистика туралы» заңының 12 бабы 17,18 тармағын негізге ала отырып бастапқы статисткалық мәліметтерді жинақтау, бақылау және өзгертулерді енгізу нысандары бойынша Б-101 (Тұтыну бағалары индесі), 1-ТНБ (Тұрғын үй нарығындағы бағалары), Б-101 (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша апта сайынғы мониторинг), Б-101 (Халықаралық салыстыру бағдарламасы), 1-ӨБ «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдеріне (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасы және өнідірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасы туралы есебі», 1-Ц (экспорт, импорт) «Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп», 1-ҚМБ «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкиялардың бағасы туралы есеп», 1-тариф (әуе) «Әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері», 1-тариф (автомобиль) «Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері», 1-тариф (құбыр) «Құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері», 1-Б (көтерме) «Тауарлардың, өнімдердің көтерме саудада сату (жеткізілім) бағасы туралы есеп», 1-тариф (байланыс) «Заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтерінің тарифтері», 1-тариф (курьер) «Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтерінің тарифтері туралы есеп», 1-Б (жалға) «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп», 1-ТҚ «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі», Б-200 «Базарлардағы ауыл шаруашылығы өнімінің бағасы», 1-Б (көрсетілетін қызметтер) «Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағалары туралы есеп»; Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік дереккөздердің негізінде жаңғыртуды өткізу; Статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау; Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну; Респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; Анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізуге; Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; Ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Заң басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіндегі мәселелер бойынша сот процестеріне материалдар әзірлеу барысына қажетті құжаттамалармен (әдістеме, нұсқаулық және т.б) қамтамасыз ету үшін, Заң басқармасымен өзара байланысты жүзеге асыру; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау және бақылау жүргізу; Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, құжаттаудың тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау; Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өзінің құзыреті шегінде, Департаменттің мүдделерін басқа мемлекеттік органдарда және мекемелерде білдіреді; Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету; Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану; Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтау; Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау; Өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2022 – 30.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88