Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Құрылыс және инвестициялар басқармасының бас маманы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: В

Лауазым    деңгейі:4             

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу; нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындауға; Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу; «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» (мезгілдігі айлық, жылдық) 1-КС, «Орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы есеп» (мезгілдігі тоқсандық) 1-КС (шағын), «Объектілерді пайдалануға беру туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 2-КС, «Жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы есеп» (мезгілдігі айлық және жылдық) 1-ИC, «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (мезгілдігі айлық) 1-инвест, «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (мезгілдігі жылдық) 1-инвест, Шаруа немесе фермер қожалықтарының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы» (мезгілдігі тоқсандық) 1-КФХ инвест нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерестер енгізуді жүзеге асыру; Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізу; Статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау; Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну; Респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібінің жұмысы бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; Анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу; Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; Ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау; Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, Құжаттаудың тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыруді бақылау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға қатысу; Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау; Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау; Құжаттардың үлгілік нысандарына сәйкес іс қағаздарды жүргізу; Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау; Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілі болу; Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап ету; Еңбек міндеттерін осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқаруға; Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға; Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану; Жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға; Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға; Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға; Кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді асыруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 21.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2022 – 30.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88