Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Заң басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 26 тамызға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: В
Лауазым деңгейі: 4
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; нормативтік құқықтық актілерді, хаттамаларды, хаттарды және Департаменттің қызметіне қатысты өзге де құжаттарды олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкестігі бойынша келісу және қарастыру; өтеулі негізде қызмет көрсету және жеке еңбек шарттарының заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған жағдайда ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету; құзыреті шегінде көрсетілетін қызметтер, тауарлар бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларына заңдық сүйемелдеу; Департамент қызметінің, қажет болған жағдайда Бюроның құқықтық мәселелерін қарастыру барысында сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіпте мүдделерін таныту; Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша шараларды қабылдау; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жоспардың орындалуы туралы есепті жолдау; тиісті сот талқылауларына әкеп соққан жағдайлар мен негізгі себептерді анықтау мақсатында департаменттің қатысуындағы даулар бойынша сот тәжірибелерін және талап-арыз жұмыстарының жағдайына талдау жүргізу; барлық сот инстанцияларында Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағымдану жөніндегі шараларды заңнамаларда көзделген негіздер болған жағдайда уақытылы қабылдауға, сондай-ақ қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтінішхатпен прокуратура органдарына заңнамада белгіленген тәртіппен жүгіну; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету; Департаменттің нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг және заңнама талаптарына сәйкестігіне құқықтық сараптама жасау; әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдарды қарастыру кезінде салалық басқармалармен өзара әрекеттесу; респонденттерге статистикалық нысандарды тапсыру бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалық нормаларды түсіндіру және кеңес беру; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылаудағы сәйкессіздіктерді анықтау; анықталған сәйкессіздіктер бойынша әкімшілік заңнамаға сәйкес, әкімшілік материалдар толтыру; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау бойынша атқарылған жұмыстардың есебін дайындау; респонденттерге процессуалдық құқықтары мен міндеттерін міндетті түрде түсіндіре отырып, статистика органына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі уақытылы қозғау; Респондент туралы анық деректер болмаған уақытта заңнамада белгіленген тәртіпте әділет, мемлекеттік кірістер органдарымен және ХҚКО мен өзара іс-қимыл арқылы оларды алу бойынша процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; әкімшілік істі қарастыру туралы тиісті түрде хабарланған респонденттер белгіленген уақытта келмеген жағдайда респонденттердің қатысуынсыз әкімшілік істі қозғау, респондентке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы тапсыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте процедуралық әрекеттерді жүзеге асыру; заңнамада көзделден негіздер болған жағдайда, борышкердің (жеке тұлғаның немесе лауазымды тұлғаның) жұмыс орны бойынша өндірісті атқарушылық органдарына мәжбүрлі түрде орындау үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жолдау; Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Алматы қаласы бойынша басқармасының (бұдан әрі - ҚР БП ҚС АБ) орталықтандырылған мәліметтер базасына әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы деректерді жолдау және енгізу, қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу; «Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарастыру нәтижелері туралы» 1-АП есебін уақытылы қалыптастыруын, ҚР БП ҚС АБ деректер банкімен салыстыруын жүргізу; Бюроға респонденттермен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар санын және төленген әкімшілік айыппұлдар туралы ай сайын ақпаратты ұсыну; ведомствоға бағынысты ұйымның филиалдарымен өзара іс-қимыл кезінде Департаменттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамаларын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, Департаментте жалпы құқықтық оқытуды ұйымдастыру; Департамент басшылығының және Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын, шешімдері мен нұсқауларын орындау; басқарма басшысының уақытша жұмыста болмаған кезеңінде функционалдық міндеттерін атқару және бұйрық берген басшылармен барлық іс-әрекеттерін келісе отырып, жедел орындауды талап ететін мәселелерді жедел шешу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын әзірлеу; Құжаттардың үлгілік нысандарына сәйкес іс қағаздарды жүргізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған жиналыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар әзірлеу; Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілі болу; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау; еңбек міндеттерін осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес атқару; әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстау және үнемді пайдалану; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін заңда белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беру; лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану; Өзіне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Департамент басшылығының назарына дереу жеткізу; өзінің кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттемелерді жүзеге асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.shaikakova@aspire.gov.kz
- Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125
-
8 (727) 375-21-88