Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Құқықтық қамтамасыз ету және респонденттермен жұмыс басқармасының басшысы, С-О-3 санаты

Мемлекеттік орган

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Департаменттің құзыретіне жататын әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды профилактикалық бақылау нысанында әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы жүзеге асыру. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Департаменттің құзыретіне жататын бақылау функцияларын іске асыру бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру және мониторингілеу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, іс жүргізу құжаттарының жобаларын дайындау, қажет болған жағдайда әкімшілік материалды сот тәртібімен қарау үшін дайындау және беру, әкімшілік істің уәкілетті адам не сотпен қаралуына қатысу, әкімшілік материалдарды есепке алу және сақтау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ведомстволық деректер банкін жүргізу, ақпараттық-есепке алу құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органға түсіру, материалдарды мәжбүрлеп орындатуға жіберу. Әкімшілік іс жүргізудің іс жүргізу әрекеттерін мемлекеттік тізілімде тіркеу. Құқық бұзушылардың шағымдарын қарау кезінде сотта департаменттің мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру. Халықаралық стандарттар мен ғылыми әдіснама негізінде бірыңғай статистикалық ақпараттық жүйені жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Басқармадағы жұмысты жоспарлап бөлу. Респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қабылдау, алдын ала қарау және тіркелуін жүргізу, салалық басқармалар арасында алғашқы статистикалық деректерді бөлу бойынша жұмысты ұйымдастырып жүзеге асыру. Тапсырылған алғашқы статистикалық деректер негізінде статистикалық бизнес-тіркелімді (мекенжай бөлімі, белсенділігі, статистикалық есептілік бойынша байланысатын тұлға туралы деректер және т.б.) өзектендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Респонденттерді тапсыруға қажетті статистикалық нысандар тізімімен, статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жаңадан тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктермен жұмысты ұйымдастыру. Құқықтары және міндеттері туралы респонденттерге консультативтік көмек және ақпараттандыру ұйымдастыру. Департаменттің интернет-ресурсына орналастыру үшін респонденттермен жұмыс туралы анықтамалық ақпараттың дайындалуын ұйымдастыру. Респонденттерге on-line режимінде есептерді ұсыну мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Респонденттермен жұмыс сапасын арттыру.   Респонденттермен айлар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың бекітілген кестесіне сәйкес статистикалық күнтізбеліктің қалыптастырылуын бақылау жұмыстарын, оны электрондық табло және Департаменттің интернет-ресурсына орналастыруын ұйымдастыру. Есепті жылға респонденттерді оқыту семинарлары кестесінің құрастырылуын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жүзеге асыру. Аудандық статистика басқармаларына әдіснамалық басшылық жасау, алғашқы есепке қоюды жетілдіру, алғашқы статистикалық деректердің жиналуын ұйымдастыру бойынша жұмысқа бақылау жүзеге асыру, олардың жұмысын бағалау. Кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындылардың уақытылы дайындалуын жүзеге асыру, жоғары тұрған басшылықтан алынған өзге де тапсырмаларды орындау. «А» блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.09.2022 – 21.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: не более 20 MБ

Сұхбаттасу күні

26.09.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 83 үй

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама телефоны: (8-7152)36-11-29