ҚР ҰЭМ Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының жетекші маманы (негізгі қызметкердің 2020 жылғы 18 тамызға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, негізгі қызметкердің көрсетілген мерзімге дейін жұмысқа шығуға құқығы бар).
Қарағанды облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының заңның білуі.
Кандидаттарды іріктеу кезінде әңгімелесу алдында бекітілген практикалық тапсырмалар бойынша Word, Exsel бағдарламаларында компьютерде жұмыс істей білуге тексеру жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Бекітілген әдістемеге сәйкес демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпараттың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпараттың таратылуын қамтамасыз етеді. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша статистикалық нысандар бойынша респонденттермен оқыту семинарларына қатысады. Демографиялық статистика, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және құқық бұзушылық статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық басқармалар мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.06.2020
- "Қр ҰЭМ Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті " РММ Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10.
-
(8-7212) 41-45-31, факс: (8-7212) 41-45-70