Қр ҰЭМ Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті еңбек статистикасы басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2022 жылғы 16 желтоқсанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, негізгі қызметкердің көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқығы бар).

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізеді. Бекітілген әдістемеге сәйкес еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпараттың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпараттың таратылуын қамтамасыз етеді. Респонденттерге қатысты респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік дереккөздерге бару және бармау түрінде профилактикалық бақылау жүргізу арқылы мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік бақылауды жүргізеді. Еңбек статистикасы бойынша респонденттермен және жұмыспен қамту статистикасы бойынша интервьюерлермен оқыту семинарларын жүргізеді. Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша респонденттерге және аумақтық басқармалар мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалықтарына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.06.2020 – 03.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.06.2020

Сұхбаттасу орны

РГУ «Департамент статистики Карагандинской области Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан», Карагандинская область, город Караганда, улица Чкалова, 10

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7212) 41-45-31, факс: (8-7212) 41-45-70