Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму департаменті Орнықты даму мақсаттарының статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Ұлттық статистика бюросының және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингілеуді жүзеге асыруға. ОДМ, гендерлік статистика және балалар статистикасы бойынша көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін зерттеулерді ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық және нұсқаулық сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру.
Гендерлік статистика бойынша зерттеу әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытында қалыптастырылуын, сонымен бірге зерттеу қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басқа да басқармаларымен өзара іс-қимыл. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы атынан Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа уәкілетті органдарда өкілдік ету. Халықаралық іс-шараларға және жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) талаптарын және қызметтік этиканы сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29