Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық технологиялар департаменті Статистикалық процестерді цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 30 маусымға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
- Іскерлік әкімшілікжүргізу
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс жоспарында қарастырылған жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру. Бюро ақпараттық жүйелерінің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын бақылау және ұйымдастыру. Статистикалық процестерді және метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру, дамыту және жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Метадеректерді жүргізу саласында әдіснамалық және әдістемелік түсініктемелер әзірлеу. Статистикалық процестерді және метадеректерді жүргізу саласында ақпараттық жүйелер мен технологияларды құру және дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау. Бюроның деректер базасымен жұмысты үйлестіру. Бюроның деректер базасымен жұмысты мониторингілеу және құралдарды басқару. Бюроның деректер базасының «е-Статистика» ИАЖ-ның басқа компоненттерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Ақпараттық жүйелер бойынша құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде Бюроның бюджеттік бағдарламаларын жоспарлауға қатысу. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік-құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ka.kadry@aspire.gov.kz
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-94-46, 74-95-29