Қр ҰЭМ Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті жұмыстарды жоспарлау және статистикалық ақпаратты тарату басқармасының бас маманы

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Кандидаттарды іріктеу кезінде бағдарламалық тілдерін білуге тестілеу өткізіледі.

Функционалды міндеттер

Ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптарының сақталуын үйлестіреді және бақылайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық министрлігінің Статистика комитетінің интернет-ресурсының Қарағанды бөлімінде ақпарат орналастыруды және жаңартуды үйлестіреді және бақылайды. Коммуникациялық, бағдарламалық және аппараттық жарақтау қызметтерін көрсететін тыс ұйымдармен өзара әрекет етеді. Ақпараттық қызметтерге (статистикалық жарияланымдардың дизайны, беттеу), есептеу техника құралдары (дербес компьютерлер, сканерлер, принтерлер, желілік жабдық және т.б.) және шығын материалдары (катридждер, тонерлер, ауыспалы жабдық үшін қосалқылар және т.б.) техникалық ерекшелік дайындайды. Департаменттің жұмыс жоспарларын қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды. Статистикалық жарияланымдарды корпоративтік стильді қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес ресімдеуді бақылауды іске асырады. Жиынтық статистикалық жарияланымдарды шығаруды жүзеге асырады. Статистикалық ақпараттың жариялығын және оны насихаттауды кеңейту сұрақтары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-әрекет етуді жүзеге асырады. Өндірістік кеңестер, семинарлар, бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциялар, департамент қызметінің сұрақтары бойынша «Ашық есік күндерін», «дөңгелек үстелдер» жүргізу үшін материалдар дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұраныстарын уақытылы және сапалы қарастырылуын және жауаптардың дайындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес басқа функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.05.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.06.2020 – 03.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.06.2020

Сұхбаттасу орны

"Қр ҰЭМ Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті " РММ Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 10.

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7212) 41-45-31, факс: (8-7212) 41-45-70