Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Персоналды басқару қызметінің бас маманы
Түркістан облысы
208 062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу. Департаменттің қызметкерлерімен еңбек қатынасын ресімдеу, қызметкерлердің жеке істерін жүргізу, бұйрық жобаларын (негізгі қызмет, жеке құрам бойынша) дайындау. Еңбек шарты бойынша жұмысты жүргізу. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулерді қабылдау құжаттарын ресімдеу, Еңбек кітапшаларын, Т-2 карточкаларын жүргізу. Персоналды басқару бойынша жүргізілген жұмыстарға есептер дайындап ұсыну. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Персоналды басқару бойынша сыйақылар беру, марапаттау мен тәртіптік жаза қолдану бойынша құжаттарды дайындау. Тәртіптік, қызметін бағалау, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру. Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Блок В.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Zh.Taizhanova@aspire.gov.kz,
- 22.09.2022
- Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 30 а,
-
8 (7252) 39-01-62, 8 (7252) 30-03-57 (факс),