ҚР ҰЭМ СК Жамбыл облысының Cтатистика департаментінің Жуалы ауданының Статистика басқармасының басшысы
Жамбыл облысы
141576 - 191482
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Қосымша талаптар
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңын, СТ РК ИСО 9000-2017, СТ РК ИСО 9001-2016ж. халықаралық стандарттар талаптарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалды міндеттер
Аудандық статистика басқармасының қызметін ұйымдастыру және басқару. Статистикалық жұмыс жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы бойынша жеке және заңды тұлғалардан бастапқы статистикалық ақпараттар жинау және өндеу. Жуалы ауданының шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтары қызметін іріктеп зерттеуді ұйымдастыру. Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы бойынша респонденттер тапсырған негізгі көрсеткіштер есебін талдау. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқару, жиынтық экономикалық және статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету. Басқарманың іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Департамент басшылығымен анықталған басқа да міндеттерді жүзеге асыру. Аудан бойынша бизнес тіркелімдердің жаңғыртылуын қадағалау.Басқарма қызметін үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.06.2020
- ҚР ҰЭМ СК Жамбыл облысы Статистика департаменті ғимараты, Сүлейменов көш., 18
-
(8-726) 245-73-89 электронная почта: zhambylstat@mail.ru