Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобалары бойынша олардың заңнама талаптарына сәйкестігіне қорытынды ұсыну. Қазақстан Республикасының сот, өзге де мемлекеттік органдарында Ұлттық статистика бюросының құқықтары мен мүдделерін қорғау. Шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі құжаттардың жобаларын дайындау. Тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Ұлттық статистика бюросының қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу. Ұлттық статистика бюросының пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағымдану жөніндегі құжаттардың жобаларын, сондай-ақ прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініш жобасын дайындау. Заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларын қолдануға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға, Ұлттық статистика бюросында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуге қатысу. Респонденттер мен әкімшілік дереккөздер шағымданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға құзыреті шегінде қатысу. Өз құзыреті шегінде Басқарма, Департамент, Ұлттық статистика бюросы, Агенттік басшылығының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.08.2022 – 12.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.08.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29, 74-97-87