Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ұлттық шоттар департаменті Жинақтау шоттары мен қосалқы шоттар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 3 сәуiрге дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыстар жоспарының, мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру. Статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарлы және есептік құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және олардың орындалуына мониторинг жүргізу.

ҰШЖ 2008 енгізумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Әдіснаманы, әдістемелік және нұсқамалық материалдарды әзірлеу, қосалқы шоттарға, жинақтау шоттарына және активтер мен пассивтердің баланстарына жасау бойынша көрсеткіштерді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшылығының жоспарларын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Талдамалық баяндамалар, анықтамалықтар, жинақтар және өзге де жарияланымдар үшін кестелік және өзге де статистикалық материалдарды дайындау. Өз құзыреті шегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Ұлттық шоттар департаменті басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктерде, ведомстволарда, комиссияларда, комитеттерде және басқа да өкілді органдарда ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросын білдіру. Халықаралық іс-шаралар мен жобаларға қатысу, басқа елдердің статистикалық офистерімен ынтымақтастық. Сапа менеджменті жүйесінің және қызметтік әдеп талаптарын сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.08.2022 – 12.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.08.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29, 74-97-87