Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Әдіснамалық дамыту және деректерді басқару саясаты департаменті Деректерді басқару саясаты басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Туризм
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

НҚА әзірлеу; жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарына және әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сараптама жүргізу және келісу; жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарының тізілімін және мемлекеттік органдарда қалыптастыратын есептіліктің бірыңғай тізілімін жүргізу бойынша жұмыстарға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.08.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.08.2022 – 12.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.08.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29, 74-97-87