ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Түркістан облысы
199226
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ресімдерін орындау. Веб-сайтқа және веб-порталға хабарландырулар беру, оның ішінде электрондық түрде мемлекеттік сатып алуды жузеге асыру. Бюджеттік міндеттеріне сәйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіктеуіштің кодтары бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Келесі жылға арналған бюджеттік өтінімді дайындау. Жылдық және тоқсандық теңгерімдер бойынша есеп беру. Штаттық кестелер әзірлеу. Статистикалық және салық есептерін тапсыру. Байланыс қызметі, коммуналдық және басқа қызмет көрсетулер бойынша ұйымдардан келіп түскен шоттарға сәйкес уақтылы ақы төлеу. Мекемелерден алынған заттар және көрсеткен қызметтері үшін аударылған қаржының төлем тапсырыстарын толтыру. Қызметкерлердің еңбекақысын қазынашылық банк арқылы аударуды жүзеге асыру кезіндегі бухгалтерлік есебін жүргізу. Қазынашылық департаментіне шарттар, төлеуге шоттар бойынша міндеттерді аудару үшін құжаттарды жүргізу және есепке алу, тіркеу және дайындау. Банк құжаттарын, шарттарын өңдеу. Іссапар шығындары бойынша есеп жүргізу. Тауарлы – материалдық құндылық заттарды бухгалтерлік шоттар бойынша кіріс –шығыстарының есебін жүргізу. Ай сайынғы бюджеттің орындалуына талдау жасап, тиісті орындарға есеп дайындау. Блок В.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.08.2022
- Шымкент қ, Желтоксан к. 30 а
-
8(7252) 39-01-62