Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Сауда статистикасы басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 30 мамырға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)
Алматы қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: А
Лауазым деңгейі: 5
Осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу; «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Кәсіпорынның (тауарлар, қызметтер) өндіру және жөнелту туралы есеп» 1-КО (айлық), «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлармен өзара сауда туралы есеп» 2-сауда (айлық), «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп» 1-ОЭБ (жылдық), «Отын-энергетиқалық баланс туралы есеп» 1-Газ (жылдық), «Газ желісі туралы есеп» 12-сауда (жылдық), «Сауда тауарлары бойынша есеп» 6-ТП (жылдық) «Жылу электр станциялары мен қазандықтардың жұмысы туралы есеп», 1-Биржа (жылдық) «Тауар биржасының қызметі туралы есеп»,1-ВТ (жылдық) «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу туралы есеп», G-003 (жылдық) «Автожанармай құю, газ құю және газ толтыру станцияларының қызметі туралы есеп», Э-коммерция (жылдық) «Электрондық коммерция туралы есеп» нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерестер енгізуді жүзеге асыру; статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізу; статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну; респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу; респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; Ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысу; ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау; іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, құжаттаудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыру; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысу; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға қатысу; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау; әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтау; қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау; өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88