Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: В

Лауазым деңгейі: 4

Нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; бухгалтерлік есеп және есептілік, қаржы-шаруашылық қызмет және мемлекеттік сатып алу нормалары бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы саласында білімді меңгеру; 1С:Кәсіпорын бағдарламасында, Қазынашылық АЖ-да, ЭШФ АЖ-да, ЕССО есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесінде, е-minfin.gov.kz және planning.gov.kz порталдарында жұмыс істей білу; қызметкерлердің банктік шоттарына жалақыны уақтылы есептеу және аудару; жеке тұлғаларға статистикалық деректерді жинау бойынша көрсетілген қызметтер үшін төлемді есептеу және аудару; қызметкерлердің сұрауы бойынша жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама дайындау; №2 және №5 Мемориалдық ордерлерін жүргізу; кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінім жасау; белгіленген мерзімде дұрыс бухгалтерлік есепті жасау және ұсыну; салық және статистикалық есептерді тапсыру; банк операцияларын күнделікті есепке алуды жүзеге асыру, Қазынашылық АЖ-да төлем шоттарын құру; ұлттық санақтардың дайындығына және өткізуіне қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау; басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысу; құжаттама жасау қағидаларына сәйкес іс қағаздарды және мұрағат ісін жүргізуді іске асыру; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындау; Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде мүдделерін білдіру; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау; әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану; жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін сақтау; қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеу және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау; кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.07.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.07.2022 – 05.08.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88