Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Жұмыспен қамту статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің 2024 жылғы 27 ақпанға дейін бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне, сондай-ақ бұл жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика

Функционалды міндеттер

Статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді  әзірлеуге қатысу, Ұлттық статистика бюросының және Басқарманың жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыруға, ғылыми әдіснама және халықаралық стандарттар негізінде жұмыспен қамту статистикасы көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге қатысу. Жұмыспен қамту бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру бойынша қызметті үйлестіру, оларды әдіснамалық, нұсқамалық және талдамалық сүйемелдеуді (статистикалық байқауларды, зерттеу нысандарын және статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдіснамасын әзірлеу) жүзеге асыру. Жұмыспен қамту бойынша үй шаруашылықтарын зерттеу әдіснамасының сақталуын, ақпаратты жинау және өңдеу кезеңдерінде оның уақытында қалыптастырылуын, сонымен бірге зерттеу қорытындыларын және олардың шығарылуын бақылау. Өз құзыреті шегінде жүктелген міндеттер аясында шешімдерді қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.07.2022 – 19.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.07.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-97-87