Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2025 жылғы 15 мамыр аралығында)
Батыс Қазақстан облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Функционалды міндеттер
Статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша қамтамасыз етеді; статистикалық байқаулар деректер қорын қалыптастыру және статистикалық нысандары бойынша сауалдарға жауап береді; статистикалық байқаулар әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық деректерді бақылайды; құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттейді, қорытындылау және талдау жасайды; құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жинақтар, бюллетеньдер, жедел ақпараттар мен баспасөз хабарламаларын және басқада облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша статистикалық материалдарды дайындайды; статистикалық тіркелім деректерін өзектендіруге қатысады; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; номенклатураға сәйкес істерді құрады, құжаттарды сақтауға дайындайды, тұрақты сақталатын істердің тізімін жасайды, уақытша сақталатын істерді жою актілерін дайындайды; респонденттермен, АСБ мамандарымен және мемлекеттік органдармен семинарлар өткізеді; респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112)50-95-25