Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (С-О-3 санаты)(«А» блогы), (№06-1).
Алматы облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жоғары экономика саласында, техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету), құқықтық білім.
Функционалды міндеттер
Басқармаға басшылық ету. Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, Басқарманың алдына қойылған міндеттерді іске асыру. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдау. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылауды іске асыру. Қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдылықтарын ұйымдастыру, насихаттау және түсіндіру, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қолдануды қамтамасыз ету; Әкімшілік құқық бұзушылық ісін қозғау, қарау және әкімшілік жаза қолдану туралы материалдарды қарау кезінде салалық басқармалармен өзара іс-қимылда болу. Жоғары тұрған органдарға, респонденттерге есептілікті (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен кеңес беру; Әкімшілік істер бойынша сот процестеріне қатысу, Департаменттің құжат айналымы бойынша жұмыстарын ұйымдастыру; статистикалық мәліметтер базасының және ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басқару; мемлекеттік тілді білу, дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы қаласы, Абай даңғылы 125
-
8(727)277-62-59