ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Баға статистикасы басқармасының бас маманы
Алматы қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: В
Лауазым деңгейі: 4
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау. Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды жүргізу. «Мемлекеттік статистика туралы» заңының 12 бабы 17,18 тармағын негізге ала отырып бастапқы статисткалық мәліметтерді жинақтау, бақылау және өзгертулерді енгізу нысандары бойынша Б-101 (Тұтыну бағалары индесі), 1-ТНБ (Тұрғын үй нарығындағы бағалары), Б-101 (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша апта сайынғы мониторинг), Б-101 (Халықаралық салыстыру бағдарламасы), 1-ӨБ «Өндіруші кәсіпорынның өнеркәсіп өнімдеріне (тауарлары, көрсетілетін қызметтері) бағасы және өнідірістік-техникалық мақсаттағы сатып алынған өнімдердің бағасы туралы есебі», 1-Ц (Экспорт, импорт) «Тауарлардың, өнімдердің экспорттық жеткізілімдері мен импорттық түсімдерінің бағасы туралы есеп», 1-ҚМБ «Сатып алынған құрылыс материалдарының, бөлшектер мен конструкиялардың бағасы туралы есеп», 1-тариф (Әуе) «Әуе көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері», 1-тариф (автомобиль) «Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері», 1-тариф (құбыр) «Құбыр көлігі кәсіпорындарының жүк тасымалдау тарифтері», 1-Б (көтерме) «Тауарлардың, өнімдердің көтерме саудада сату (жеткізілім) бағасы туралы есеп», 1-тариф (байланыс) «Заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметтерінің тарифтері», 1-тариф (курьер) « Заңды тұлғаларға көрсетілген курьерлік қызметтерінің тарифтері туралы есеп», 1-Б (жалға) «Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы туралы есеп», 1-ТҚ «Тұрақтандыру қорларының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу бағасы мен көлемі», Б-200 «Базарлардағы ауыл шаруашылығы өнімінің бағасы», 1-Б (көрсетілетін қызметтер) «Өндірушілердің көрсетілетін қызметтерге бағалары туралы есеп»; Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік дереккөздердің негізінде жаңғыртуды өткізу. Статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау.Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу. SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну. Респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу. Анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету. Ұлттық санақтарға дайындыққа және өткізуге қатысу. Ресми деректерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттермен жұмыс басқармасымен және Заң басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау. Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, құжаттаудың Үлгілік ережелеріне сәйкес жүзеге асыру. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау. Басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға қатысу. Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау. Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстау және үнемді пайдалану. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейінде, сақтау. Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану. Өздеріне белгілі болған, дайындалған немесе жасалған сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасалған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау. Өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88