ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы (негізгі қызметкерлердің 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Туризм
  • Кадастр
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: В

Лауазым деңгейі: 4

            Қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау; осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жұмыс міндеттерін орындау; функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті статистикалық нысандар бойынша статистикалық әдіснаманы және басқа құжаттарды зерделеуге;  респонденттерді олардың алғашқы сатистикалық деректерді ұсынуы үшін статистикалық нысандармен және статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулықпен қамтамасыз етуге;  статистикалық есеп нысандары бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар телефон арқылы; респонденттермен оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге; жүргізілген профилактикалық бақылау бойынша статистикалық есептерді мерзімінде тапсырылмаған кәсіпорындарға қорытынды жіберу; басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін және тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау; респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынудың бекітілген кестесіне сәйкес айлар бойынша статистикалық күнтізбені қалыптастыруға, оны операциялық залдағы электронды таблода орналастыруға және жаңартуға; респонденттің статистикалық нысанының екінші данасында одан алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазба еңгізуге (белгі) не респонденттен алғашқы статистикалық деректерді алғаны туралы жазбаша растау құжаттарын (бекітілген үлгіде) беруге; алғашқы статистикалық деректерді қабылдауды жүзеге асыруға және оларды «е-Статистика» ИАЖ-дағы «Бір терезеде» есептерді қабылдау» модулінде тіркеуге, алғашқы статистикалық деректерді салалық басқармалардың арасында бөлуге; респонденттердің байланыс деректерін (нақты мекенжайы, е-mail, телефон нөмірлері) «е-Статистика» ИАЖ-ға еңгізуге; алғашқы статистикалық материалдарды қабылдау кезінде заңнамада белгіленген тәртіпте  олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге; қабылданған есептерді салалық басқармаларға қол қою арқылы беру беруге; респонденттердің сұрауы бойынша ағымдағы жылға статистикалық нысандардың тізімін (жүгіртпе) қағаз нұсқада немесе электронды пошта арқылы ұсынуға; автоқоңырау кестесін жасау, автоқоңырау бойынша жұмыстарды жүргізу; салалық басқармалармен бірлесіп есепті жылға респонденттер мен Басқарма қызметкерлері үшін оқыту семиналарының графигін құрастыруға; салалық басқармалармен бірлесіп алғашқы статистикалық деректерді тапсыру мәселелері бойынша белгіленген кестеге сәйкес респонденттерге оқыту семинарларын жүргізуге, кеңес беруге, материалдар дайындауға, респонденттердің ұсыныстарын қарастыруға; респонденттерге бастапқы статистикалық деректердің және статистикалық байқаулар әдістерінің толықтығы, уақыттылығы, растығы және құпиялылығы жөнінде қойылатын негізгі талаптар туралы түсінік беруге; өз құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауға; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау үшін, белгіленген мерзімде алғашқы статистикалық деректерді ұсынбаған респонденттердің есептерін хабарландыру хатымен бірге заң басқармасына ұсынуға; салалық басқармалармен бірлесіп келесі есепті кезеңге статистикалық нысандардың бланкілерін тираждауға қажеттілікті анықтауға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; іс жүргізуді және мұрағат ісін жүргізуді құжаттаудың үлгілік ережесіне сәйкес жүзеге асыруға; Департамент басшылығы мен бөлім Басқарма басшысының шешімдері мен нұсқауларын, бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау; ұлттық санақтарды дайындауға және өткізуге қатысуға; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, сонымен қатар, мемлекеттік қызметі тоқтаған жағдайда, ол туралы қол қойғанда.заңда белгіленген мерзімде сақтау.  қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған,  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,  азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиеттерімен жеке өміріне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге, олардан осындай ақпарат талап етуге; мемлекеттік мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сеніп тапсырылған мемлекеттік  мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;  өздеріне белгілі болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратты Басқарма басшысына хабарлау; лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып отыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.06.2022 – 22.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88