Ішкі әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы ( санаты - С-О-6, 1 бірлік, УВА-7)
Астана қаласы
199226
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Философия
- Филология
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Департаментте Мұрағаттық іс жүргізуді жүргізу, қызметтік құжаттармен жұмыс істеудің және оларды сақтаудың белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, істер номенклатурасын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Департаменттің ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру. Ведомстволық мұрағат жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Департаменттің ведомстволық мұрағатында құжаттардың уақытша сақтауды және сақталуын қамтамасыз ету. Тұрақты және уақытша сақтау тізімдемелерін, құжаттарды мемлекеттік сақтауға беруге арналған актілерді, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасау. Департаментте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларының сақталуын жүзеге асыру. Функционалдық қызмет шеңберінде құжат айналымы туралы ақпарат пен есептілікті дайындау. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде жұмыс істеу. Басқарманың іс қағаздарын және мұрағатын жүргізу. Департамент басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- ул. Желтоксан, 22
-
316-253