Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 1 қараша аралығында)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

     Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Функционалды міндеттер

Тапсырылған тапсырмалардың, бұйрықтардың және өзгеде тапсырмалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; Өз құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдарды уақытылы дайындауды жүзеге асырады; Әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік статистика саласында әкімшілік көздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады; мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға қатысады; Департаментте әзірленетін бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер және басқада құқықтық сипаттағы актілердің жобасына құқықтық сараптаманы жүзеге асыруды қадағалау; Әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау кезінде сотқа қатысуды жүзеге асырады; Респонденттерді бланкілермен және оларды толтыру бойынша нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; Респонденттерге алғашқы статистикалық деректерді online режимінде ұсынуға кеңес береді; Алғашқы статистикалық деректерді қабылдауды жүзеге асырады; Бастапқы статистикалық есепті ұсыну мәселелері бойынша респонденттерге салалық басқармалармен бірге оқыту семинарларын өткізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастырды;  Заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды; Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды; Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.      

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.05.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.05.2022 – 06.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7112) 50-95-25