Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Ішкі әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы (С-0-6 санаты, 1 бірлік).

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

161809

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ресімдерін орындау. Веб-сайтқа және веб-порталға хабарландырулар беру, оның ішінде электрондық түрде мемлекеттік сатып алуды жузеге асыру. Бюджеттік міндеттеріне сәйкес сметалармен көзделген бюджеттік жіктеуіштің кодтары бойынша (бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер) шығыстар жүргізу. Келесі жылға арналған бюджеттік өтінімді дайындау. Жылдық және тоқсандық теңгерімдер бойынша есеп беру. Штаттық кестелер әзірлеу. Статистикалық және салық есептерін тапсыру. Байланыс қызметі, коммуналдық және басқа қызмет көрсетулер бойынша ұйымдардан келіп түскен шоттарға сәйкес уақтылы ақы төлеу. Мекемелерден алынған заттар және көрсеткен қызметтері үшін аударылған қаржының төлем тапсырыстарын толтыру. Қызметкерлердің еңбекақысын қазынашылық банк арқылы аударуды жүзеге асыру кезіндегі бухгалтерлік есебін жүргізу. Қазынашылық департаментіне шарттар, төлеуге шоттар бойынша міндеттерді аудару үшін құжаттарды жүргізу және есепке алу, тіркеу және дайындау. Банк құжаттарын, шарттарын өңдеу. Іссапар шығындары бойынша есеп жүргізу. Тауарлы – материалдық құндылық заттарды бухгалтерлік шоттар бойынша кіріс –шығыстарының есебін жүргізу. Ай сайынғы бюджеттің орындалуына талдау жасап, тиісті орындарға есеп дайындау.

Блок - Б.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.05.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.05.2022 – 31.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.06.2022

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Желтоқсан 30 А

Анықтама алу үшін байланыс

8725239-01-62