ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2024 жылғы 07 қазанына дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне), С-О-5 санаты, 1 бірлік
Алматы қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Функционалдық блок: А
Лауазым деңгейі: 5
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындауға. Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізуге. «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, D-002 – халықтың тұрмыс сапасы (жылына бір рет), D-003 – күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі (тоқсандық), D-004 – үй шаруашылықтарының тоқсан сайынғы табыстары мен шығыстарын есепке алу журналы (тоқсандық), D-006 – негізгі сұхбатқа арналған сұрақнама (жылдық), D-007 – Ересек халыққа темекі тұтынуы туралы сауал (жылына бір рет), D-008 – үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы (жылдық) нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерестер енгізуді жүзеге асыруға. Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізуге. Статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындауға. Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізуге. Оған бекітілген зерттеу учаскелерінде үй шаруашылықтарын зерттеу жұмысын ұйымдастыруға. Сұхбат алушылар арасында зерттеу материалдарын бөліп беру және осы материалдардың мүлтіксіз есепке алынуын жүргізу. Сұхбат алушылар мен респонденттерге бастапқы статистикалық деректердің және статистикалық зерттеу әдістерінің толықтығы, уақытылығы, дұрыстығы мен құпиялылығы бойынша қойылатын негізгі талаптар жөнінде түсіндірмелер беру. Респонденттермен және интервьюерлермен Басқарма сұрақтары бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге. Ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысуға. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындауға. Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, құжаттаудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау. Басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға. Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтауға. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға. Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға. Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға. Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға. Өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыруға. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- город Алматы, проспект Абая, 125
-
8 (727) 375-21-88