ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: А

Лауазым деңгейі: 5

            Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындауға. Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізуге. «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, 1-Е «Еңбек бойынша есеп» (тоқсандық, жылдық), 1-Е «Еңбек жағдайы» (Зиянды жане басқа да қолайсыз еңбек жағдайларынада жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы есебі) (жылдық), 1-Т (бос жұмыс орны) «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілік және саны туралы есеп» (жылына бір рет), 2-Т (еңбекақы) «Құрылымы және жалақыны бөлу туралы есеп» (жылына бір рет), Т-001 «Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу сауалдамасы» (айлық), Т-004 (Лайықты еңбек) (жылына үш рет) бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерістер енгізуді жүргізуге. Статистикалық тіркелімдер деректерін бастапқы статистикалық және әкімшілік деректердің негізінде жаңғыртуды өткізуге. Статистикалық ақпараттарды шығару кестесіне сәйкес статистикалық ақпараттарды дайындауға (жинақ, бюллетендерді, жыл сайынғы бөлімдерді, баяндама бөлімдерді, жедел ақпараттарды). Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу. SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсынуға. Басқарма мәселелері бойынша респонденттермен оn-line тәртібіне көшу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуге. Респонденттермен ұсынылған дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді анықтау түрінде респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды беруге. Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап етуге. Ұлттық санақтарға дайындыққа және өткізуге қатысуға. Ресми дереккөздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындауға. Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға. Сапа саласында Басқарманың қызметін жақсартуға арналған іс-шараларға қатысуға. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға. Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтауға. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға. Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін сақтауға. Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға. Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға. Өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыруға. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.05.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.05.2022 – 01.06.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88