Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Апараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Функционалды міндеттер
Басқарманың жұмыс жоспарында көзделген жұмыстардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру; Бюроның Ақпараттық қауіпсіздік саясатының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және ұйымдастыру; Бюроның активтерін басқарумен байланысты рәсімдерді жүргізу; Бюроның ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі мен қауіп-қатерлерін басқарумен байланысты жүргізу; Бюроның ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті ұйымдастыруға өтінімдерді тіркеу және тексеру; Қазақстан Республикасының бекітілген Заңнамасына сәйкес сәйкестендірілмеген деректер қорларының құпиялылығының сақталуын тексеру; Бюро және оның аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі мен ақпараттық жүйелерге, телекоммуникациялар жүйелеріне, есептеуіш және ұйымдастыру техникаларына техникалық қолдауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау; Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу; мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және келісуге қатысу; статистика саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Бюроның жоспарлық және есепті құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және олардың орындалуына мониторингті жүзеге асыруға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жіберілген азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешу; құпия іс қағаздарын, түскен және дайындалған құжаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізу, сондай-ақ олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру; ведомстволық аумақтық статистика органдарында мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру, рұқсат алу үшін арнайы сараптама жүргізу; ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне семинарлар, нұсқаулықтар және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.05.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29