Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Баға статистикасы департаменті Өндірістік сала және қызмет көрсету бағаларының статистикасы басқармасының сарапшысы (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2023 жылғы 22 ақпанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы)
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
186632
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
Функционалды міндеттер
Баға индекстерін қалыптастыру бойынша жалпымемлкеттік статистикалық байқауларды жүргізуді үйлестіру; бағаға жалпымемлекеттік статистикалық бақылау бойынша статистикалық құралдарды, статистикалық нысандарды өзектендіру; аумақтық статистика бөлімшелері қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарларына материалдар дайындау және өткізуге қатысу, олардың жұмыстарын үйлестіруге қатысу; статистикалық жарияланымдарды, мемлекеттік органдардың және статистикалық ақпаратты өзге де пайдаланушылардың сұрау салулары бойынша статистикалық және өзге де ақпараттарды дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.05.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29