Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы бөлімінің бас маманы, C-O-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 2 қазанға дейін)
Маңғыстау облысы
238236
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің статистикалық жұмыс жоспарына енгізілген жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Жарияланымдар шығару үшін мәліметтер дайындау және жарияланымдар жасақталуының стандарт талабына сәйкестігін тексеру. Статистикалық ақпараттардың дұрыстығы мен сапасын, жеделдігін қамтамасыз ету. Сапа саласында және сапа менеджменті жүйесін дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шараларға қатысу. Бөлім қызметіне қатысты семинар дайындау және өткізу. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау, құжаттарды белгіленген мерзімде жасақтауды жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдарды статистикалық жұмыс жоспарында қарастырылған статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету. Құжаттардың уақытында және сапалы атқарылуына, электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) Lotus Notes-пен жұмыс істеуді жүзеге асыру. Серпінді қатарлар мен техникалық оқудың жүргізілуін ұйымдастырып бақылау./
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.05.2022
- Актау қаласы, 23 шағ. аудан 41 үй
-
телефон для справок: 87292319155, факс: факс: 87292319160,