ҚР ҰЭМ СК ТО СД Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс және әкімшілік жұмыс басқармасының бас маманы (С-0-5 санаты, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 01.03.2021 жылға дейін).
Түркістан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, қоғамдық байланыс, бухгалтер, банк ісі, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, заңгер, заңтану), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, басқару мен ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), білім (информатика).
Кәсіби құзыреттілігі: Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Функционалды міндеттер
Жұмыс жоспарларын құру. Ресми статистикалық ақпараттың ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде таратылуын қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды әзірлеу. Статистикалық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру. Пайдаланушылармен жұмыс жүргізу. Экономикалық салалар бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жиынтық талдауын дайындау, құжаттардың орындалуын қадағалау. Жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына жауап дайындау. Департаментте баспасөз хатшысы міндетін атқару. Аудандық (қалалық) статистика басқармаларының қызметіне рейтингтік бағалау жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.03.2020
- 160012, Шымкент қ., Желтоксан к., 30 а
-
8 (7252) 39-01-62, 8 (7252) 30-03-57 (факс)