ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Тіркелімдер басқармасының бас маманы (негізгі қызметкердің 2023 жылғы 25 тамызға дейінгі бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: А

Лауазым деңгейі: 5

            Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін орындау; Статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша статистикалық байқауларды өткізу; «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 17), 18) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» 1-СР (жылына бір рет), «Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу» 1-НП (бір жолғы) нысандары бойынша бастапқы статистикалық деректерге бақылау және өзгерестер енгізуді жүзеге асыру; Бекітілген Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес және бекітілген әдістеме мен әдістемелік ұсыныстарға сәйкес статистикалық тіркелімдерді жүргізу және жаңғырту; Статистикалық ақпаратты (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) статистикалық материалдардың шығару кестесіне сәйкес дайындау; Негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларын жүргізу; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсыну; Респонденттермен Басқарма сұрақтары бойынша және оn-line тәртібіне көшіу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізу; Анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау бойынша респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды, респонденттерге бармай профилактикалық бақылау түрінде жүргізу; Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінің бұзылғаны айқындалғанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау туралы ұсыныстарды енгізу; Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден бастапқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; Ұлттық санақтарға дайындық және өткізуге қатысу; Ресми көздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, Респонденттермен жұмыс басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, кіріс хаттардың жауаптарын дайындау; Іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді, құжаттаудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыру; Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; Басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға қатысу; Еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау;  Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау; Сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалану; Жазылым бере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтау; Қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеу; Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану; Өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлау; Өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 26.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.04.2022 – 06.05.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

город Алматы, проспект Абая, 125

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 375-21-88