Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Әкімшілік жұмыс департаменті Бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

212061

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Филология
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Функционалды міндеттер

Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындауды және алдағы үш жылдық кезеңге Бюроның бюджеттік өтінімдері мен олардың негіздемелерін әзірлеу; кейіннен бекіту үшін төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын, қаржыландырудың жеке жоспарларын жасау; нақты шығыстарды анықтауға байланысты төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын түзету; Бюро бойынша штаттық кестені әзірлеу; аумақтық департаменттер мен ведомстволық бағынысты кәсіпорынның штаттық кестелерінің келісілуін қамтамасыз ету; бюджеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыруға және жетілдіруге қатысу; мемлекеттік статистика саласында тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша ұсынылатын, іс-шараларды жүргізуге сметалардың қаржылық негіздеулерін талдау; статистика  саласындағы  бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар дайындау;  Стратегиялық және Операциялық жоспарлар мен Даму жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу; статистика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу; құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі   талдау жүргізу барысында айқындалған кемшіліктерін жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; Басқарманың жұмысын ұйымдастыру мен әдістерін жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу; процестерді тұрақты жақсарту және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу бойынша ұсыныстардыәзірлеу, бюджеттік шығыстар бойынша талдамалық анықтамалар, материалдар дайындау; Басқарманың қызметі және міндеттерінен туындайтын өзге де тапсырмаларды орындау, қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ағымдағы, тоқсан сайынғы және жылдық есептілікті құру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.04.2022 – 28.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

04.05.2022

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-95-30, 74-95-29