Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкер шыққагға дейін)
Жамбыл облысы
157751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Қаржы
Қосымша талаптар
Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы ортадан кейінгі.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.
Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және жеке құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік құзыреттіліктері бойынша жоғары балл немесе қатерлі аймақтан төмен емес.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР заңын, СТ РК ИСО 9000-2017, СТ РК ИСО 9001-2016 халықаралық стандарттар талаптарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалды міндеттер
(В блог) Статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар өткізу. Қордай ауданының ауылдық (селолық) кенттік округтер аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардан сауда және еңбек статистикасы бойынша алғашқы статистикалық ақпараттар жинау. Статистикалық бизнес тіркелімдерді жаңғырту бойынша жұмыстар атқару. Шаруа (фермер) қожалықтары мен жұртшылық шаруашылықтарын есепке алу бойынша әрбір шаруашылыққа арналған кітаптардағы жазбалардың дәйектілігін тексеру. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқару. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 06.05.2022
- Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18 , каб.102
-
8 (7262) 45-73-89