Сауда статистикасы басқармасының бас маманы, санаты С-О-5 ("А" блогы) (№ 13-06), 1 бірлік
Шығыс Қазақстан облысы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Жерге орналастыру
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Туризм
- Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кадастр
- Бағалау
- Логистика (сала бойынша)
- Кітапхана ісі
- Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Сауда саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерін зерделеу және үздіксіз қорытындылау. Статистикалық байқаулардың, статистикалық жұмыстардың, аналитикалық жоспарлардың сапалы орындалуын және уақытында қамтамасыз ету. Аудандық және қалалық статистика бөлімдердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың есеп қызметкерлерімен нұсқау кеңесін өткізуіне қатысу. Аналитикалық жұмыстары, статистикалық есеп беруді әзірлеу және жинау мәселелері бойынша аудандық және қалалық статистика бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Статистикалық бюллетендерді, жедел-ақпараттарды, жинақтарды, басқа жариялау басылымдарды дайындау және шығару. Жариялау іс-әрекетін жүзеге асыру. Бір жолғы тексерудің өткізуін ұйымдастыру, сауда, қызмет көрсету саласы және энергетика статистикасы бойынша мемлекеттік статистикалық есептіліктерді беру, әзірлеу, жинау бойынша үйлестіру. Динамикалық қатарларының құрамын әзірлеу және оның жүргізуін жүзеге асыру. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Басқарманың СМЖ-нің жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.04.2022
- Өскемен қаласы, Тоқтаров көш. 85,
-
Телефон (8-7232) 25-26-21