Бесқарағай ауданының Статистика басқармасының басшысы, санаты С-О-3 ("А" блогы), коды № 19-01, 1 бірлік
Шығыс Қазақстан облысы
317807
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Ауыл шаруашылығы және биоресурстар (білім беру саласы)
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Экология
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Металлургия
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Көлік құрылысы
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Туризм
- Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кадастр
- Бағалау
- Логистика (сала бойынша)
- Кітапхана ісі
- Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
- Қаржы
Функционалды міндеттер
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының жоспарларына, кестелеріне, нұсқауларына сәйкес қызмет жоспарлау. Респонденттермен жұмыс істеу үшін материалдар қалыптастыру. Әкімшілік деректемелермен қарым-қатынас.Статистикалық есептіліктерді жинау мәселелері бойынша әдіснамалық және ұйымдастыру жұмыстары. Қалада статистикалық қызметті ұйымдастыру. Есептіліктердің дұрыстығын, толықтығын және уақытында қамтамасыз ету. Сауда, қызмет көрсету және энергетика, агрономия, аграрлық техника және технология, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, аңшылық жүргізу, аң өсірушілік, балық шаруашылық және өнеркәсіптік балық шаруашылығы, орман ресурстары және орман өсірушілік, өнеркәсіп және қоршаған орта бойынша салаларында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерге және құбылыстарға экономикалық талдау жасау, жинақтау және өндеу. Статистикалық деректерді тарату бойынша жұмыстар ұйымдастыру. «е-Статистика» ақпаратттық интегралдық жүйемен жұмыс істеу, он-лайн режимі бойынша респонденттерге деректер жинауға кеңес беру. Басқарманың СМЖ-нің жұмыс істеуі және жақсарту бойынша іс-шараларды жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.04.2022
- Өскемен қаласы, Тоқтаров көш. 85,
-
Телефон (8-7232) 25-26-21