Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының жетекші маманы (санаты - С-О-6, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2023 жылғы 02 қарашаға дейін

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Аударма ісі
  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қоғамдық байланыс
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Веб-сайтта жариялау үшін статистикалық материалдарды дайындау, Департамент веб-сайтының бөлімдерін жаңарту. Департаменттің сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін іс-шаралар әзірлеу және СТ РК ISO 9001-2016 стандартының талаптарына сәйкес оның нәтижелілігін жақсарту. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндамаға ай сайынғы бөлімдерді және жыл сайынғы жинақтарды дайындауға қатысу. Басқарманың қызметтік құжаттарымен жұмыс жасау, қызметтік құжаттардың жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Департаментте өткізілетін іс-шараларға қатысу. Департамент басшылығы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.04.2022 – 22.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

г. Нур-Султан, ул. Желтоксан, 22

Анықтама алу үшін байланыс

316-253