Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Заң қызметі және респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, 27.11.2023 жылға дейін). Негізгі жұмыскер осы мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқылы.
Түркістан облысы
229492
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге статистикалық ақпараттарды есептеу әдісін түсіндіре отырып жұмыс жүргізу және олардың алғашқы статистикалық деректерді электронды түрде тапсыруына бақылау жасау. Статистикалық заңнама талаптарын бұзған әкімшілік дереккөздер мен респонденттерге заңңамада көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Департаменттің салалық және аудандық басқармаларынан, респонденттермен жұмыс жөніндегі басқармадан алынған, «е-Статистика» ИАЖ-да байқаулар қорытындылары бойынша автоматты режимде қалыптастырылатын тізімдерге және тіркелімдер басқармасынан алынатын респондент туралы байланыс деректеріне сәйкес алғашқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбаған респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша белгіленген мерзімде, ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы процессуалдық жұмыстарды (құжат дайындау, басшылыққа шешім қабылдау үшін ұсыну, қабылданған шешімдерді орындау, ЕРАП базасына тіркеу) жүргізу.
Блок -В.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.04.2022
- Шымкент қаласы, Желтоқсан 30 А.
-
8(7252)39-01-62, 8(725)230-03-57 факс