Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-3 (Басқарма басшысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317807

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Функционалдық блок: А

Лауазым деңгейі: 7

Басқарма жұмысын жоспарлау, ұйымдастыруға, басқару және оның орындалуын қамтамасыз етуге; алғашқы статистикалық деректерді өңдеу жұмысын, құзыреті шегінде бастапқы статистикалық деректерді бақылауға, жүргізу бойынша енгізу және түзеу жұмыстарын ұйымдастыруға; алғашқы статистикалық деректердің толықтығын, уақытылығын және дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға; Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро) бекіткен статистикалық есептілік нысандары бойынша әдіснама мен әдіснамалық нұсқаулықтардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға; Бюроға статистикалық ақпараттардың уақытында берілуін бақылауды жүзеге асыруға; статистикалық ақпараттарды шығару кестесіне сәйкес статистикалық ақпараттардың (жинақтардың, бюллетендердің, жедел ақпараттардың, баяндамалардың) дайындалуын бақылауды жүзеге асыруға; негізгі көрсеткіштер бойынша серпінділік қатарларының жүргізілуін бақылауға; SpRecord мамандандырылған жүйесі арқылы респонденттерге автохабарлауды жүзеге асыру үшін кәсіпорындар тізімін уақытылы ұсынуды бақылауды жүзеге асыруға; Басқарма мәселелері бойынша респонденттермен оn-line тәртібіне көшу бойынша қажетті жұмыстарды (түсіндіру, қоңырау шалу, жөнелту, семинарлар, вебинарлар және т.б.) жүргізуді ұйымдастыруға; респонденттермен ұсынылған дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді анықтау түрінде респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізуге; алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібінде бұрмалаушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау жөнінде ұсыныс беруге; респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалағаны айқындалғанда респонденттерден алғашқы статистикалық деректер бар статистикалық нысандарға түзетулерді енгізуді талап ету; ұлттық санақтарға дайындық және өткізуді үйлестіру және қатысуға; ресми дереккөздерден, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарынан алынған мәліметтерге мониторинг жүргізуде, респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасымен өзара әрекеттесуді жүзеге асыруға қатысу; кіріс хаттарға, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындауды және бақылау жүргізу; іс жүргізуді және мұрағатты жүргізуді құжаттаудың Тұрпатты ережелеріне сәйкес жүзеге асыруға; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындауға; басқарманың сапа саласындағы мақсаттарына жетуге бағытталған іс-шараларға қатысуға; басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент ұйымдастырған отырыстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге материалдар дайындауға; Департамент басшыларының тапсырмасы бойынша, өз құзыреті шегінде, Департамент мүдделерінің басқа мемлекеттік органдар мен мекемелерде өкілі болуға; еңбек және атқарушылық тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтауға және оны Басқарма қызметкерлерінен сақтауды талап етуге; осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек міндеттерін атқаруға; әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексінің нормаларын сақтауға; сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті күтіп ұстауға және үнемді пайдалануға; мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды, оның ішінде, заңда белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін, сақтауға; қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде алынған, азаматтардың жеке өміріне, ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін ақпаратты жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан осындай ақпарат беруін талап етпеуге; мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға; өздеріне белгілі болған, дайындалған, жасалған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайлар туралы Департамент басшылығына дереу хабарлауға; өз кәсіби және мәдени деңгейін үнемі арттыруға; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.04.2022 – 07.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абая даңғылы, 125

Анықтама алу үшін байланыс

375-21-88