«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне, 2024 жылғы 13 мамырды қоса алғанда)
Қостанай облысы
239910
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Экономикалық жұмыс, бекітілген салалар бойынша жұмысты бақылау және үйлестіру, Біріктірілген статистикалық көрсеткіштер базасын қалыптастыру (БСКБ), статистикалық тіркелімдердің деректерін өзектендіру, Статистикалық және ұйымдастырушылық жұмыс жоспарларын сапалы және уақытылы орындау. Әкімшілік дереккөздермен және респонденттермен өзара әрекет ету.
Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты және респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қостанай қ., Майлин көшесі, 2/4
-
+7 7142 535417