Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Заң департаменті нормативтік Құқықтық актілерді сараптау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы
212061
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Ұлттық статистика бюросының қызметі мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу, оларды тиісті органдардың қарауына енгізу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының перспективалық және ағымдағы жоспарларының жобаларын қалыптастыруға қатысу. Қабылданған заңдарды іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді уақтылы әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыреті шегінде Ұлттық статистика бюросы әзірлейтін заңдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері және басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының құрылымдық бөлімшелерін басқаруға келісуге ұсынылатын бірлескен бұйрықтарға құқықтық сараптама жүргізу. Заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау. Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдын алу шараларын қолдануға арналған жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға, Ұлттық статистика бюросында жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізуді және Ұлттық статистика бюросы әзірлеген нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді талап етпейтін нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жіберуді және орналастыруды қамтамасыз ету. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде Басқарма, Департамент, Ұлттық статистика бюросы, Агенттік басшылығының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.03.2022
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 4 кіреберіс
-
74-95-30, 74-95-29, 74-97-87