ҚР ҰЭМ СК Атырау облысының Статистика департаментінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5, уақытша, 26.07.2021ж., дейін бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің болмаған кезеңіне)

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Халықаралық журналистика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика

Қосымша талаптар

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Статистикалық жұмыс жоспарында көзделген статистикалық жұмыстарды On-line бағдарламасында өз уақытында және сапалы орындау. Е-қызмет, ЭҚАБЖ-мен жұмыс жасай білу. Қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық есептілікті жинау, тексеру, бақылау жасауды жүзеге асыру, біржолғы есеп жүргізу және зерттеу. Респонденттермен және аудандық статистика басқармаларымен семинар-кеңес ұйымдастыру. Статистикалық бизнес тіркелімді жаңғырту, респонденттердің статистикалық байқаулармен толық қамтылуын қамтамасыз ету. Әкімшілік дереккөздерге және респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау (профилактикалық бақылау) жүргізуге қатысу. Қоршаған орта статистикасы бойынша статистикалық бюллетеньдерді, жедел-ақпараттарды, статистикалық жинақтар мен өзге де материалдарды уақытылы және сапалы дайындау. Алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету. БАҚ-мен, мемлекеттік органдармен жұмыс істей білу. Аудандық статистика басқармаларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Өзара орын алмастыруды қамтамасыз ету және басқармада басқа мамандар болмаған жағдайда, олардың қызметтік міндеттерін атқару.

Жарияланған күні: 21.05.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.05.2020 – 26.05.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    29.05.2020

    Сұхбаттасу орны

    г.Атырау, ул.Махамбета, 116 Б

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(7122)32-42-56