«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ Сауда статистикасы басқармасының жетекші маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 2024 жылғы 18 қыркүйекті қоса алғанда)

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Агрономия

Қосымша талаптар

қызмет көрсету, экономика және басқару (маркетинг, бағалау, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика), информатика және есептеу техникасы (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білім.

Функционалды міндеттер

Алғашқы статистикалық деректерді жинау және өңдеу, статистикалық бақылау әдістемесіне сәйкес базаны қалыптастыру. Экономикалық жұмыс, бекітілген салалар бойынша ақпараттық-талдамалы және статистикалық материалдарды дайындау.

Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты және респонденттерге  қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Департамент басшылығымен анықталған өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.02.2022 – 04.03.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ., Майлин көшесі, 2/4

Анықтама алу үшін байланыс

+7 7142 535417