Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Ішкі әкімшілендіру басқармасының бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 29 қазан аралығында)

Мемлекеттік орган

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

229492

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

     Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Функционалды міндеттер

Мұрағатқа құжаттарды рәсімдеу; Тауар, қызмет, жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын және оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік сатып алу ережесі жүзеге асыру қағидалар және бөлінген бюджет негізінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;  мемлекеттік сатып алудың веб-порталында заңда көрсетілген талаптарға сәйкес  процедураларды жүргізеді, бір көзден сатып алу тәсілімен жасалған келісімшарттарға уақытылы есебін жүргізеді, конкурстық құжаттамаларды мемлекеттік сатып алудың веб порталында уақытылы орналастырады, жосықсыз  өнім берушілерді сотқа береді, жосықсыз өнім берушіге шыққан заңды күшіне енген сот шешімін мемлекеттік сатып алудың веб порталындағы жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізеді, мемлекеттік сатып алу бойынша заң басқармасының құзыретіне жататын сұрақтар бойынша түсіндерме береді; тауар, қызмет, жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысты нормативтік құқықтық актілерді қолданады, бюджеттік өтінімді  жасағанда қатысады; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді; сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындайды. Салық органдарына уақтылы декларацияны тапсыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; келіп түскен сұрауларға сәйкес, мұрағат құжаттарындағы мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасау;  ұзақ мерзімді активтер және материалдық қорлар есебін жүргізу (№9,10,13,24 мемориалдық ордерлер), уақытында  басшы мен материалды жауапкершілік тұлға арасындағы толық материалды жауапкершілік туралы келісім шарт дайындап жасайды, белгіленген тәртіпте департамент теңгеріміндегі жарамсыз күйге түскен негізгі құралдар және материалдық емес активтерді есептен шығару туралы және негізгі құралдар және материалдық емес активтерді қабылдау туралы құжаттарды дайындайды; көрсетілген қызметтерге, жұмыстарға (коммуналдық қызметтер, үй- жайды жалға алу және басқа)  жеткізушілер және тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебін жүргізеді, жасалған шарттарды қабылдау және өтінім арқылы қазынашылық  аумақтық бөлімшеден өткізеді, ұсынылған шот-фактуралар, орындалған қызметтер мен жұмыстар актілері негізінде ақы төлеу (№1,6,7 мемориалдық ордерлер)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2022 – 28.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7112)50-95-25