Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы

Аймақ

Атырау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Функционалды міндеттер

Блок (В).

Департаменттің жұмыс жоспарларының жасақталуына қатысу және орындалысын қамтамасыз ету. Статистиканың барлық салалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жұмысын ұйымдастыру. Департаментпен қалыптастырылатын барлық статистикалық жарияланымдардың уақытылы және сапалы дайындалуын қамтамасыз ету. Департаменттегі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалысын қамтамасыз ету. Департаменттің құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Электронды құжатайналымның бірыңғай жүйесінің жұмысын жүргізу және есептерін қалыптастыру. Бөлім құзыреті шегінде келіп түскен сұраныстарға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау. Бөлім құзыреті шегінде статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сапа менеджменті жүйесінің талаптарын (сақтау) орындау. Бөлім басшысы және жетекші маман болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқару.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 16.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.02.2022 – 25.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.03.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қ., Махамбет к., 116 Б

Анықтама алу үшін байланыс

8(7122)32-42-56