Ішкі әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы (санаты - С-О-6, 1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 2022 жылғы 21 тамызға дейін)

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-6 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

97510 - 132020

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Философия
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Кіріс, шығыс және ішкі хат-хабарларды бастапқы өңдеуді ұйымдастыру. Кіріс хат-хабарларын қабылдау, тексеру, қағаз және электрондық тасығыштарда тіркеу. ЭҚАБЖ базасында фельдъегерлік почтамен, Қазпочтамен, арнайы және басқа да байланыс түрлерімен қолма-қол жеткізілетін кіріс хат-хабарларын сканерлеу, тіркеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және есепке алу. Шығыс хат-хабарды электрондық тасығыштарда қабылдау, тексеру, жөнелту. Функционалдық қызмет шеңберінде құжат айналымы туралы ақпарат пен есептілікті дайындау. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚАБЖ) бағдарламалық қамтамасыз етуді үздіксіз пайдалануды және одан әрі оңтайландыруды қамтамасыз ету. Басқарманың іс қағаздарын жүргізу. Ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшін Басқарманың құжаттары мен істерін қалыптастыру және ресімдеу. Департамент басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.02.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.02.2022 – 24.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Желтоксан,22

Анықтама алу үшін байланыс

316-253