Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Тіркелімдер басқармасының басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне, 2024 жылғы 3 қыркүйек аралығында)
Батыс Қазақстан облысы
295611
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Информатика
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын жүктелген міндеттерге сәйкес ұйымдастыру және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылау; халықаралық стандарттарға сәйкес статистикалық тіркелімдерді жүргізу статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; статистикалық байқаулар өткізу; статистикалық ақпараттың есептеу әдістемесін түсіндіре отырып, тұтынушылармен жұмысты жүзеге асыру; мемлекеттік органдарды, іскерлік топтар мен қоғамды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; статистикалық тіркелімдердің сапасы мен өзектендіруді қамтамасыз ету; тіркелімдік жүйелердің қалыптасуын қамтамасыз ету; мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын заңды және жеке тұлғаларды статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету; белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету; барлық әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл, статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін олардан әкімшілік деректерді алу; заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктерді және дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) деректерін өңдеу; статистикалық тіркелім негізінде экономикалық үрдіске талдау жүргізу, басқарманың құжаттары мен кіріс хат-хабарлардың уақтылы орындалуын бақылау; ҚҰЖЖ, ӘАНЖ, ЭҚЖЖ, КӨЖ мәселелері бойынша кеңес беру, сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй
-
(8-7112)50-95-25