Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-0-5 санаты, 1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 31.05.2022 жылға дейін).

Мемлекеттік орган

Аймақ

Шымкент қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық

Қосымша талаптар

Стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Функционалды міндеттер

Жұмыс жоспарларын құру. Ресми статистикалық ақпараттың ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық  жұмыс жоспарында көзделген көлемде таратылуын қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды әзірлеу. Статистикалық жұмыстарды қорытындылауды ұйымдастыру. Пайдаланушылармен жұмыс жүргізу. Экономикалық салалар бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жиынтық талдауын дайындау, құжаттардың орындалуын қадағалау. Жергілікті мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың сауалдарына жауап дайындау. Департаментте баспасөз хатшысы міндетін атқару. Статистика басқармаларының қызметіне рейтингтік бағалау жүргізу. Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, департаменттегі іс-қағаздардың мемлекеттік тілде дұрыс жүргізілуіне, шығыс құжаттардың мемлекеттік тілде дайындалуына мониторинг жүргізу және есептерін дайындау. Департаменттің құрылымдық бөлімдерінде қалыптасқан құжаттарды мұрағатқа өткізу бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Департамент бойынша істер номенклатурасын қалыптастыру. Қағаз тасымалдағышта және бұлтты құжат айналымы бірыңғай жүйесі (БҚА) бойынша кіріс және шығыс құжаттарымен жұмыс жүргізу. Кіріс, шығыс хат-хабарларды тіркеу және бақылау. Департаменттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік саясатынын талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету.  Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) талаптарына сәйкес құжаттар дайындау.

Функционалдық блок В-4

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.02.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.02.2022 – 07.02.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

09.02.2022

Сұхбаттасу орны

Шымкент қаласы, Желтоқсан к/і. 30А

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7252) 39-50-45